
Құрылғы күтімі
Құрылғыны, батареяны, зарядтағышты және көмекші құралдарды ұқыптап ұстаңыз. Төмендегі ұсыныстар
кепілдігіңіздің күшін сақтауға көмектеседі.
•
Құрылғыны су тигізбеңіз. Жауын-шашынның, ылғалдың және сұйықтардың құрамында электрондық тізбектердің
тот басуына себепші болатын минералдар болуы мүмкін.
•
Құрылғыны шаң немесе лас жерлерде пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз. Қозғалмалы бөліктері мен
электрондық бөлшектері зақымдануы мүмкін.
•
Құрылғыны жоғары температурада сақтамаңыз. Жоғары температура құрылғының қызмет мерзімін қысқартып,
батареяларды зақымдауы және пластик бөліктерінің қалпын бұзуы немесе балқытып жіберуі мүмкін.
•
Құрылғыны суық температурада сақтамаңыз. Құрылғы қалыпты температураға дейін жылығанда, оның ішінде
ылғал пайда болып, электрондық тізбек тақталарын зақымдауы мүмкін.
•
Құрылғыны ашуға әрекеттенбеңіз.
•
Рұқсат берілмеген өзгерістер құрылғыны зақымдап, радио құрылғыларды реттейтін ережелерді бұзуы мүмкін.
•
Құрылғыны лақтырушы, соғушы немесе шайқаушы болмаңыз. Ұқыпсыз пайдаланудан ішкі тізбек тақталары мен
механизмдер зақымдануы мүмкін.
•
Құрылғының бетін тазалау үшін тек жұмсақ, таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
•
Құрылғыны боямаңыз. Бояу қозғалатын бөлшектерінің қозғалысын қиындатып, дұрыс жұмыс істеуіне кедергі
келтіруі мүмкін.